Қаладағы зираттарға 400 бейнебақылау камерасын орнатуға 582 млн теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Алматы қалалық цифрландыру басқармасы мемлекеттік сатып алу порталына 400 камера сатып алуға және оларды жерлеу орындарына орнатуға хабарландыру жариялады.
Құжатта сатып алынатын қызметтердің мақсаты — ақпарат алу, бақылау және тіркелген бұзушылықтар туралы төтенше жағдайлар қызметтерін жедел хабардар ету, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және Алматы қаласының зираттарында вандализм деңгейін төмендету екені айтылған.