Алматыда жол апатынан жаяу жүргінші мерт болды

Алматыда түнгі уақытта жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 9 ақпан сағат 22:05-те Жетісу ауданында болған. Сүйінбай даңғылымен оңтүстікке қарай келе жатқан Exit маркалы автокөлік жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

— Жол апатынан ер адам қаза болды. Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады, — деп хабарлады Полиция департаментінен.