Алматыда екі мопед пен «Lexus» маркалы автокөлігінің жол көлік оқиғасы болды, — деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі «Голос народаға» сілтеме жасап.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, екі мопед пен жол талғамайтын көліктің қатысуымен апат 13 сәуірде сағат 19.20-да Алмалы ауданында Төле би даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында болған.
«Соқтығысу салдарынан мопедтің бірінің жүргізушісі — 2003 жылы туған азамат З., алдын ала мәліметтер бойынша жол қиылысына бағдаршамның тыйым салу сигналына шығып, оқиға орнында қайтыс болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.