Фото: pixabay
Алматыда 21 жастағы жігіт қызғаныштың буымен 17 жастағы жасөспірімді пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 18 шілде күні таңертең сағат алты шамасында Томирис шағын ауданында болған.
Олар жасөспірім қыз үшін ұрысып қалған. Күдікті ұсталды, пышақ тәркіленді.
«Шабуылдаушыны қылмыстық полиция қызметкерлері ұстап алды, оларға патрульдік қызмет көмектесті. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады полиция тілшісіне.
Тіл тартпай кеткен жасөспірім жақында 18 жасқа толар еді.