Алматыда жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы мегаполистен оңтүстікке қарай 335 шақырым жерде орналасқан.

2 баллдық жер сілкінісін Алматы тұрғындары сезді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сейсмологтар оны 20 маусым күні сағат 16.36-да тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы мегаполистен оңтүстікке қарай 335 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан аумағында орналасқан. Құтқарушылар зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат алған жоқ.