«Мой Алматы» Telegram арнасына көлік жүргізушісінің жанында келе жатқан көлікке оқ атқаны түсірілген видео тарады.
Оқиға Алматы қаласында болған. Кадрдан екі көліктің жолда қатар келе жатқанын көруге болады. Бір кезде қара Hyundai көлігінің жүргізушісі терезеден тапанша шығарып, көрші көлікке оқ атады. Оның не үшін олай істегені белгісіз.
Алматы қаласының полиция департаменті видеоға қатысты мәлімдеме жасап, жүргізушілердің ұсталғанын хабарлады.
— Бұл факті бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – делінген полиция хабарламасында.
22