Алматыдағы айқас: арнайы жасаққа мас жігіт шабуыл жасады (ВИДЕО)

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда үш ер адам қызметте болған Арнайы жедел әрекет ету тобының қызметкерлеріне шабуыл жасады. Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Назарбаев даңғылында 22 ақпан күні таңертең төбелес болған. Шақыртуға Арнайы жедел әрекет ету тобының қызметкерлері жеткен. Алайда, оларға агрессивті ер адамдар тап берді. Оқиғаның барысы видеоға түсіп қалған.

«Қызметкерлерге агрессивті мінез танытқан мас күйдегі үш адам жүргені туралы қоңырау түсті, ал арнайы жасақ қызметкерлері агрессияға қарамастан, жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытып, оларға қарсы күш қолданбады», — делінген хабарламада.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан түсініктемеде Медеу аудандық полиция бөлімі оқиғаға қатысты шара қолданғаны айтылған.

«Құқық бұзушылар қоғамдық орынға алкогольдік мас күйде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», — деп хабарлады полиция.