Алматыда үш жаңа жаяу жүргіншілер көпірі салынды

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда үш жаңа жаяу жүргіншілер көпірі салынды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

Түрксіб ауданының Байрон, Тбилииская және Баймағамбетов көшелерінде жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы аяқталды. Көпірлердің жалпы ұзындығы – шамамен 1 мың метр. Үш учаскені тұрғындар бұрын абаттандырылмаған жолдар ретінде пайдаланған.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаяу жүргіншілер жолдары салынды. Көше жарықтандыру желілері, баспалдақтар орнатылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай қарастырылды.

Биыл Түрксіб ауданында ХҚБ бағдарламасы аясында 78 жобаны іске асыруға 1,6 млрд теңге бөлінді. Бүгінде аулаларды жарықтандыруды, ойын алаңдарын салуды, тереңдетілген қоқыс контейнерлерін орнатуды және жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеуді қоса алғанда 61 нысан аяқталды. Қалғаны жыл соңына дейін бітеді.