Балаларды қорғау күні өрт 100-ден астам сөндіруші-құтқарушылардың балалары мен оқушылар Құтқарушылар аллеясының асфальтында сурет салып жарысты. Алматы қаласы Мұқанов және Бөгенбай көшелерінің қиылысындағы құтқарушылар аллеясында ТЖ департаменті ТЖ органдары ардагерлерінің қалалық ұйымының қолдауымен балаларды қорғау күніне орай балалар суреттерінің конкурсын өткізді.
Шығармашылық іс-шараға 100-тен астам өрт сөндіруші-құтқарушылардың, диспетчерлердің және қала тұрғындарының балалары, оқушылар қатысты. Суреттерде балалар сүйікті отбасымен, өрт сөндіруші мамандығымен байланысты барлық нәрсені мұқият суреттеді. Жас қатысушылардың жасы-3-тен 12 жасқа дейін, әрқайсысының суреті ерекше болды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орынды: Тілеу Нұртуған Айтуғанұлы. Жеңімпаздың Әкесі — мамандандырылған жасағының аға құтқарушысы Қалубай Айтуған Тілеуұлы;
1 орын: Валиева Дильназ Дильшатовна, Валиев Ратмир Дильшатович. 101 қызметінің аға инженері азаматтық қорғау майоры Изизова Нурия Сельмахуновна;
2 орынды: Маулен Шах-Керім Саматұлы, Маулен Рамазан Саматұлы иеленді. Балалардың анасы №13 өрт сөндіру бөлімінің инженері азаматтық қорғау майоры Алтебаева Актыныс Айтбековна;
2 орын: Жарасұлы Даниял, Жарасқызы Даниэль иеленді. Балалардың әкесі Алматы қ.ТЖД бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Тастанов Жарас Сембековичболып табылады;
3-орынды Елубай Нұрбақыт Азаматұлы, Елубай Қыдырәлі Азаматұлы жеңімпаздары алды, әкесі №9 өрт сөндіру бөлімінің техника жүргізушісі азаматтық қорғау старшина Темирбаев Азамат Елубаевич;
3-орын: Кушкурбаева Аэлин Даулетқызы. Аэлиннің папасы 101 қызметінің аға инженері азаматтыө қорғау майоры Кушкурбаев Даулет Сураганович.
Құрамына ардагерлер ұйымының өкілі, ТЖД және өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері кірген байқау комиссиясы түрлі жас санаттарындағы жеңімпаздарды анықтады. Барлық балаларға қатысқаны үшін естелік сыйлықтар мен тәтті сыйлықтар берілді.
Іс-шара соңында азаматтық қорғау полковнигі Омарғазинова Кәмшат Мәшенқызы барлығына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, балаларға өз елінің дені сау, мықты, ақылды және лайықты балалары болып өсуге тілек білдірді.
Алматы қаласы ТЖ департаменті балалар суреттері байқауына қатысқандардың барлығына алғыс білдірді!