Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

Алматыда ADD үстел теннисі орталығында оқушылар арасында тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты (U-15, U-17) өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, Қазақстан ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов және Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің қатысуымен турнирдің салтанатты ашылуы өтті.
Алғашқы айналымдардың қорытындысы бойынша Қазақстан командасы рапидте төрт алтын жүлдеге ие болды.Чемпиондар қатаоынан Махмұтжан Әзімхан, Ернұр Батыр, Айдана Молдабек және Аяна Исахандар көрінді.

«23-24 қыркүйек блиц бойынша жарыстар өтеді, ал турнирдің соңғы күні-24 қыркүйекте жеңімпаздарды марапаттау және турнирдің жабылуы жоспарланған»,- деп хабардады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Чемпионаттың басталуы Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де.

Рапид бойынша жарыстың қорытындылары:

U-15-Ұлдар

1. Махмұтжан Әзімхан (Қазақстан)
2. Зауытбек Орманы (Қазақстан)
3. Нұрел Сұлташев (Қырғызстан)
3. Орландо Гвидо Вергель Бенитес (Колумбия)

U-15-Қыздар

1. Айдана Молдабек (Қазақстан)
2. Бахиана Тұрғыналиева (Қырғызстан)
3. Еркежан Асанқұлова (Қазақстан)
3. Мадина Есқайыр (Қазақстан)

 

Qazaq.today