ІІМ басшысының орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, Алматыда терезеден құлап кеткен қыз — Қырғызстан азаматы. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Бұған дейін Алматыда жетінші қабаттағы терезеге шығып, би билеп, содан кейін төменге құлаған қыздың видеосы әлеуметтік желіде тараған еді.
Оқыс оқиға 26 маусым күні таңертең «Теремки» ТК-де болды. Куәгерлер қыздың жетінші қабаттағы терезе жақтауына шығып, би билеп, аяғын сермеп, төменге құлап бара жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.