Фото: Zakon.kz
Алматыда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, 20 мамырда Алматы қаласы Жетісу аудандық соты қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А. Өсербаевқа қатысты үкім шығарды.
Агенттік мәліметінше, шенеунік «Suberpro-com» ЖШС өкілінің «Церебралдық сал ауруы» диагнозы қойылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шарт жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 3,6 млн теңге сомасында ақша қаражатын жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.
“Өсербаевқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 27 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды”, – делінген хабарламада.