Эксклюзивті мазмұн:

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Алматыда «Шамшырақ» кітабының тұсаукесері өтті    

Алматыдағы 82 жастағы ардагер ұстаз өлең жинағын шығарды. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Шәмшабану Хамзақызының «Шамшырақ» кітабының таныстырылымы өтті. Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері келіп, ақын шырғармасының ерекшелігіне тоқталды. «Шамшырақ»» кітабына автордың бұрын жарияланбаған мақалалары, естеліктері, ой-толғаулары, сұқбаттары енген. Кітап арқылы оқырмандар ұлағатты ұстаз, қадірлі қаламгер, аяулы жар, ардақты ана Шәмшабану Хамзақызының рухани әлеміне бойлап, тұлғалар өмірі және шығармашылығы, қазақы құндылықтар мен ұлттық тәрбие жайында тағылымы мол мәліметтерге ие болады.

«Ақындық күй талғамайды, оған ортаның, заманның ықпалы жетпейді. Құдай қалай жаратса, соай бағыт алады. Шәмшабану апамыз әйел мінезін мінсіз суреттеген ақын. Ақынның аналар тақырыбындағы толғаныстары мен лирикалы пернелері сөзсіз ойға қалдырып, адамды тазалыққа, адалдыққа жетелейді. Өлеңдерінде шынайы суреттер, жанды жанды образдар басым. Ақынның жолдасы да әдебиет жолында қажымай еңбек етті. Ақын мен жазушы проза мен поэзиядай егіз еді», -деді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәулетбек Байтұрсынұлы.

Шәмшабану Хамзақызы 1940 жылы Тарбағатай аймағы Шәуешек ауданында дүниеге келген. Ата-бабасының атақонысы – Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылы. Ол – 1955-1959 жылдары Шыңжаң институтының әдебиет факультетінен білім алған. 1959-1962 жылдары Үрімжі қалалық өнеркәсіп техникумында оқытушы, 1962-1970 жылдары «Шыңжаң жастар баспасында» редактор, 1970-1978 жылдары Бұратала облысының Жың ауданында оқытушы, 1978-1984 жылдары Үрімжі қалалық 14-орта мектептың оқытушысы, 1984-1998 жылдар аралығында Шыңжаң Оқу-ағарту институтында әдебиет факультетінде оқытушы болып қызмет істеп, осы оқу орнынан доцент атағымен зейнеткерлікке шыққан.

«Ақын – табиғат жыршысы. Ежелгі сақ, ғұн, түркі дәуірлерінен бастап, қазіргі заманымызда да ақындар адамзаттың табиғатпен етене тұтасқан өмір сүру жағдайын жырлап келеді.Шәмшабану ақынның да туған жері –Атамекен мен Атажұрты Қазақстанның бүкіл географиялық кеңістігіндегі қоныстар әсемдігін пейсаждық бейнелеулермен өрнекті  жырлауы –шығармаларының алтын жемісі. Табиғат құбылыстарының сәреттелуіндегі классикалық дәстүрдің кейіптеулік поэтикалық көркемдік тәсілін өрнектеген ақын өлеңінен көріністердің әсерлілігін сезінеміз. Шәмшабану Хамзақызы – қазақ әдебиеті тарихынның өзекті мәселелеріне арналған зерттеу-зерделеу еңбектер жазып жүрген қарт қаламгер», -деді конференцияға жиналған қаламгерлер.

Шәмшабану Хамзақызы 1956 жылы «Шұғыла» журналында жарық көрген «Тау бұлағы» атты алғашқы өлеңімен-ақ жырсүйер қауымның назарын аударған еді. Қытайда «Жауқазын», «Ғасыр толғаныстары», «Балаларға базарлық», «Ақжігіт-Айдай»  кітаптары  жарық көрді. Ал Қазақстанда «Арманның суыртпағы», екі томдық шығармалар жинағы және «Сөз – кесте» кітабы 2017-жылы оқырманға жол тартты. Қазірге дейін автордың өлең және зерттеу мақалаларын қамтыған 11  кітабы жарық көрді.  «Тарихқа толы Тарбағатай», «Жыр бесігі – Тарбағатай» жинақтарына өлеңдері енген. Көптеген респубилкалық газет-журнал, сайттарда өлеңдері мен мақалалары жарық көрді. Ол – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Мерейтойлық «Абай медалінің» иегері. 1993 жылы Орта мектеп оқушыларына арналған «Қолданылмалы әдебиет»  кітабы ШҰАР бойынша «3-дәрежелі ғылыми нәтиже» сыйлығын алған. «Қазақ балалар әдебиетінің бастау бұлағы», «Бесік жырлары» атты ғылыми мақалалары 2002 жылы Гангокта өткен байқауда «Дүние жүзілік таңдаулы шығарма» сыйлығын иеленді.

Соңғы

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен сержанттың денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімі өрт сөндіру қызметінің...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы жасап жатқан Ресейге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады. «Осы ескертуден кейін Ресей жоғары басшылығының...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Іздеу жұмыстары...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here