Алматыда археологиялық қазба жұмыстары кезінде сақ дәуірі жауынгерінің жерленуі табылды. Ғалымдардың зерттеуінше табылған құнды жәдігерлер б.з.д. V-II сақ дәуіріне жатады. Құнды жәдігер Алатау ауданының аумағында ерте темір дәуірінің авариялық қорғандарындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Қабір шұңқырында алтынмен безендірілген қылыштың сынықтары, сондай-ақ аң бейнесіндегі суреттер бар алтыннан жасалған киімге арналған кірістірулер, күміс қорытпасынан жасалған киімдер табылған. Жауынгер 3 метрден астам тереңдікте орналасқан ағаш қораптың ішінен шыққан.
«Қазба жұмыстары жыл сайын жүргізіледі, бірақ мұндай сәтті олжалар сирек кездеседі. Соңғы рет 2014 жылы киімнің алтын сынықтары табылған еді», — деді «Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі» КМҚК директоры Ләззат Сағындықова.
Аталған мекеме Алматы қаласы мәдениет басқармасының тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.