Фото: uralskweek.kz
Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің үш қызметкері пара алғаны үшін қамауға алынды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
«Лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы (Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану), 362-бабы (Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану) және 366-бабы (Пара алу) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік келтірілуде», – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Соттың санкциясымен үш қызметкерге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
12