Алматыда қазақ қыздарына арналған нетворкинг кездесуі өтеді

Алматыда «Қазақ әйелі: Кеше. Бүгін. Ертең» нетворкинг кездесуі өтеді. Оған қаладағы жоғарғы оқу орындарының студенттері қатыспақ. Нетворкинг Алатау дәстүрлі өнер театрының коворкинг залында /Alatau Creative Hub (Алматы қ., Нұркент, 5/11.) 2 сәуір күні сағат 14.00-де басталады. «BUGIN ASSOCIATION» Қоғамдық бірлестігі және «Hanym Kazakhstan» қыз-келіншектерді дамыту орталығының арнайы ұйымдастырумен өтпек.

Шараның бас ақпараттық серіктесі «Börté media». Іс-шараға еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген және отбасының түтінін түзу түтетіп отырған көшбасшы әйелдер (кәсіпкерлер, ғалымдар, өнер мен қоғам қайраткерлері, дәрігерлер, түрлі кәсіп иелері) мен Алматы қаласы барлық ЖОО-ң «G38 студенттік жастары» және БАҚ өкілдері қатысады.

«Қазақ әйелі: Кеше. Бүгін. Ертең» нетворкинг кездесуінің мақсаты – қазіргі таңдағы қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі мен кеше және бүгінгі қыз-келіншектердің отбасындағы құндылығы мен ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығын ұғындыру мен ана мен балаға әлеуметтік қолдау көрсету. Қоғам мен мемлекет дамуына үлес қосып жүрген дара әйелдерді насихаттау.
Іс-шара спикерлері – танымал дизайнер, бизнес-леди Аида Кауменова, тележурналист, HUAWEI компаниясының PR бөлімінің басшысы Айман Сахова, кәсіпкер Маряша Серікқызы, танымал тележүргізуші, отандық брендтің, қазақ оюларын насихаттауға үлесін қосқан кәсіпкер Жанат Бақыт, сценарист, танымал журналист Перизат Мырзахмет, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті Гүлмира Алтынбаева, «Borte media» сайтының бас редакторы Айжан Қалиева.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here