Алматыда Орталық Азиядағы ірі автоорталық ашылды

​Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық Азиядағы ірі MyCar Кuldzhinka көпфункционалды автоорталығының ресми ашылу рәсіміне қатысты.

​Аумағы 30 мың ш.м автоорталықта бір мезгілде 700 жүрілген автокөлік және ресми дилерлік орталықтардан – BMW, Changan, Chery, Haval және Hyundai жаңа 50 автомобиль ұсынылуы мүмкін. Сонымен қатар, автоорталықтың жанындағы ашық алаңда тағы 800 автокөлік қойылады.

​MyCar Kuldzhinka автоорталығы – бұл сауда ойын-сауық орталықтарын басқарудағы және автомобиль ритейліндегі инвестордың тәжірибесін біріктіретін жаңа концепт.

​Автоорталықтың экожүйесі клиенттерге “бір терезе қағидаты бойынша» жаңа автокөлік, сонымен қатар, кез-келген бағада заңды және техникалық тексеруден өткен жүрілген автокөлік сатып алуға, оны есепке қоюға және мемлекеттік нөмір алуға мүмкіндік береді. Автоорталықтың мәміленің заңдылығына және жасырын ақаулардың болмауына кепілдік беруі автошопингтің бұл тәсілі автокөлікті қолдан сатып алудың тиімділігін арттырады.

​Алматыда өңірдегі ірі көпфункционалды автоорталықтың ашылуы автомобильдердің қайталама нарығының ашықтығын арттыруға, экономиканың осы секторын көлеңкеден шығаруға ықпал етеді, сонымен бірге сатушылар мен сатып алушылар үшін мәмілелер жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп күтілуде.

​Автоорталық бір мезетте күніне 500 клиентке дейін қызмет көрсете алады, әлеуетті сату көлемі – жылына 18 000 автокөлік.

​Автоорталықтың құрылысына инвестиция 21 млрд теңгені жұмсалды, онда 600-ден астам адам жұмыс орнымен қамтылды.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here