Алматыда ойын алаңында адамды бауыздап кетті

Фото: Pixabay

Алматыда балалар ойын алаңында кісіні өлтіріп кетті. Қанды қылмыс туралы ақпарат Telegram арналардың біріне шықты. Онда оқиға әуежай аймағында жасалғаны туралы жазылған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

«Кісіні өлтіріп кетті, тамағын кесіп кеткен», — делінген хабарламада.

Алматы қалалық полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Күдікті ізі суымай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала болжам бойынша қылмыс алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу салдарынан жасалған. Басқа жағдайлар анықталуда», — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматыда балалар ойын алаңында кісі өлімі оқиғасы бірінші рет болып тұрған жоқ.