Алматыда мереке кезінде гүл сатқан саудагерлер көшені қоқысқа толтырған

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында гүл сатқан саудагерлер Алматы қаласын қоқысқа толтырып кеткен. Тіптен олар гүл орайтын қағазды да көшеге шашып кеткен. Салдарынан көше бойы жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де қолайсыздық тудырған, деп хабарлайды Qazaq.today.

7-8 наурызда бүкіл қала бойынша гүл сататын базарлар ұйымдастырылған.

«Олардан кейін көгалдарда, аркаларда қоқыс үйінділері пайда болды. Түнгі кезеңде және 9 наурыз күні таңертең қалалық қызметтердің барлық күштері қала аумағын тазарту жөніндегі тікелей міндеттерін орындаудың орнына стихиялық сауда орындарын тазартуға және осы учаскелерді санитарлық нормаларға сәйкес келтіруге бағытталды.Осыған байланысты алматылықтарға жүгінгіміз келеді! Біздің коммуналдық көріктендіру қызметшілері қаланы таза ұстауға тырысады, ал немқұрайлы қала тұрғындары оларға жұмыс қосады.
Қала аумағында жүргізілген кез келген іс-шаралардан, жұмыстардан немесе саудадан кейін, арнайы бөлінген жерлерде тазалық пен тәртіпті қалпына келтіруді қамтамасыз етуді сұраймыз»,- деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Гүлдің қалдықтары мен қоқыс қаланың барлық аумағына шашылған. Көріктендіру ережелерін сақтамағаны үшін құқық бұзушылар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қаланың астаң-кестеңін шығарған саудагерлердің қаншасын жауапқа тартқаны жайлы хабарламады.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here