Алматыда бір топ адамның қанды төбелесі бейнеге түрсірілді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.
Кадрларда төбелеске қатысқандардың бірінің беті қан–жоса болғаны анық көрінген. Асфальтқа да біраз қан шашыраған. Сондай-ақ, шетте тағы да бір топ жігіттер төбелесіп жатыр, деп жазады Zakon.kz.
Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, мопед шетелдік көліктің бамперін сызып тастағандықтан жанжал басталды. Жүргізушілер арасындағы ауызша жанжал төбелеске ұласып, оның барысында автокөлік жүргізушісінің басына арматура тиген.
Полиция болған оқиғаны тергеп жатыр.
«Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларының кешені қабылдануда», – деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.