Алматы маңындағы ауылдар арасында жүретін автобустан құлаған кондуктор оқиға орнында жан тапсырды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
«Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен жүретін маршруттық автобустың кондукторы салоннан құлап қалғаны анықталды. Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Бұл факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
36