Алматыда көлік жүргізушісі қызды зорламақ болғандардан құтқарып қалды (видео)

Алматы полициясы 29 шілдеде түнгі уақытта жеке секторда зорлауға оқталу фактісін тергеп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталының тілшісі. Журналист Михаил Козачковтың Telegram каналында оқиғаның видеосы пайда болды.

«Бұл видеоны Рүстем есімді ер адам жіберді. Ол 28 шілде күні түнде Алматының төменгі жағында өз жұмысымен келе жатқанда көмек сұраған бойжеткен жолға жүгіріп келгенін айтты. Қыздың артынан жас жігіттің де қуып келгенін көруге болады. Рүстем қыз баланы көлікке отырғызып алып кетті. Қыздың айтуынша, екі жігіт оны осы жаққа алдап алып әкеліп, зорлауға тырысқан, бірақ ол қашып үлгерді», – деп жазады ол.

Осы оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті ресми хабарлама таратты.

«Алматы қалалық полиция департаменті 2000 жылы туған Б. азаматшаны зорлауға оқталу фактісін Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергейтінін хабарлайды. Жәбірленуші оқиғадан біраз уақыт бұрын спирттік ішімдік ішкен достарының бірінен күдіктенеді. Мән-жай анықталуда», – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілерді қоға түсіру үшін жедел-тергеу тобы құрылған. Тергеу барысын Алматы қаласы полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауға алды.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here