Жол апаты Сүйінбай көшесінде болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Оқиға бүгін сағат 17:00-де Жетісу ауданында болды. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, автокөлік салонының витринасына кіріп кетті, салдарынан бір адам зардап шекті» деп хабарлайды Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.