Алматыда инженерлік желілердің құрылыс нысандарын инспекциялау басталды

Мұндай нысандар жобалық құжаттаманың және жұмыстарды ұйымдастыру нормаларының сәйкестігіне тексеріледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Алдыңғы күні «Samryk SD» ЖШС мердігерлік ұйымының Рақышев көшесі бойынша кабель желілерін төсеу объектісін инспекциялау нәтижесінде көзбен шолып тексеру кезінде кабель төсеу тереңдігі бөлігінде жобадан айтарлықтай ауытқу анықталды. Сонымен қатар, бүкіл көшеде қоршаулар мен ескерту белгілері жоқ.

Жұмыстарды ұйымдастырудағы осындай бұзушылықтар осы мердігерде және Салықов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында анықталды.

Басқарма инспекторлары объектілердегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтатты, ал мердігерге қатысты жоспардан тыс тексеру аясында әкімшілік шаралар қабылданатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Алматыда құрылыс-монтаждау жұмыстарының тірек және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібі күшіне енді.

Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жалғастыруда. Келесі кезеңде инспекциялау аясында бұзушылықтар анықталған кезде жаңашылдық шаралар қабылдау үшін жедел тексеру жүргізуге мүмкіндік береді.