Фото: egovpress
Әлеуметтік желіде белгісіз біреудің әйел адамға оқ атқан видеосы тарады. Осы дерекке қатысты Алматы полициясы түсінік берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Оқиға орнынан түсірілген видео Telegram арналарының бірінде тарады.
«Үйдің кіреберісінде көршіміздің бұрынғы күйеуі оған оқ атты. Мына жерде екі оқ жатыр», – деді видео авторы.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл қылмыстың ізі суымай ашылғанын мәлім етті.
«Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды»,-деп хабарлады Полиция департаментінен.