Алматыда біліктілік тест тапсыруға келген 49 жастағы мұғалім қайтыс болды

Алматыда біліктілік тест тапсыруға келген мұғалім қайтыс болды, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі. Оқиға Алматыдағы көлік және логистика академиясында болған. Бүгін бір топ ұстаз біліктілік тестін тапсыруға барған. Куәгердің айтуынша, сынақ кезінде бір мұғалімнің жағдайы нашарлап құлап қалған.  Ұстаз жедел жәрдем жеткенше қайтыс болып кеткен.

«Мұғалімдерді тестілеу жүріп жатқан жерде қайғылы оқиға. Ешқандай бірінші көмек көрсетілмеді. Жедел жәрдем келгенше адам қайтыс болып кетті», — дейді сынаққа келген куәгердің бірі.

Мұғалім Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде жұмыс істейтін болып шықты. 49 жастағы ұстаздың сынақ үстінде қайтыс болғанын Ұлттық тестілеу орталығы растады. Ер адам гипертензиялық (гипертониялық) ауруына байланысты емханада есепте тұрған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

 «Бұл соңғы 4 жылдағы алғашқы өлім оқиғасы. Тестілеу орталықтарында алғашқы көмек көрсету үшін дәрігерлердің жұмысын бақылау күшейтіледі.ҰБТ-ны (Ұлттық біліктілік тестілеу) 2018 жылдан бастап тапсырып келеді. Сондай-ақ бекітілген санатына байланысты 230 мыңнан астам адам жыл сайын жалақының 30-50% мөлшерінде қосымша төлемдер алады. Осы ретте аттестацияның өзі ерікті сипатқа ие екенін атап өтеміз. Педагогтер жалақыларына тағы қосымша ақы алу үшін тестілеуге жазылып, осы процедурадан өтеді. Осылайша расталған біліктілік санатына байланысты қосымша ақылар төленеді. Естеріңізге сала кетейік, егер тест тапсырушы өзін нашар сезінсе, тестілеу күнін өзгерту мүмкіндігі беріледі», – деді Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі.

Қалалық білім басқармасының өкілдері марқұмның отбасына көңіл айтып, жанұясына барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here