Алматыда барахолка маңындағы жеке үйден өрт шықты.
Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 сәуір сағат 10: 03 минутта өрт сөндірушілер Алатау ауданы, Биянху көшесі бойынша шақыртуға шықты.
«Өрт сөндіру бригадасы келген кезде жеке тұрғын үй шатырының астында орналасқан тауар жанып, өрт көрші үйдің шатырына, сондай-ақ Бианху көшесі бойында орналасқан көршілес шаруашылық үй-жәйларына тарап үлгерген», — деп хабарлады департаменттен.
Өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер сол жерден 2 газ баллонын алып шықты.
«Қазір өрт сөндірілді. Қабылданған шараның арқасында өрттің көрші үйге таралу қаупі жойылды», — деп атап өтті ведомстводан.