Фото: Almaty_my телеграм арнасы
2024 жылдың 26 қарашасында Алматыда жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысып, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алмалы ауданында сағат 11:40-та болған.
«Жеке тасымалдаушыға тиесілі 88-бағыттағы автобус Әуезов көшесінің бойымен солтүстік бағытта, Гоголь көшесінің солтүстігінде, батысқа қарай темір жол бойымен келе жатқан тепловозға соқтығысты», – делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан автобустың алты жолаушысы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді.
Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталып жатыр.