Әлеуметтік желіде Алматыда үлкен жастағы ер адамның мектеп оқушысына шабуыл жасағаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Оқиға қоғамдық көлікте болды.
«Басымнан өткен жағдайды айтқым келеді. Алматыда 2024 жылдың 6 желтоқсаны күні сағат екіден 45 бағыттағы автобуста маған (кәмелетке толмаған оқушы қыз) қарт адам шабуыл жасады. Ол мас күйінде болуы мүмкін. Жағдай мені ояту үшін аяғымды тебуінен басталды, содан кейін сөзге келіп қалып қалды. Артынша, ол менің бетімді ұрып, көзілдірігімді жұлып алып, сындырып тастады. Шағым берілді», — деп жәбірленушінің оқиғасын Kris.p.karasai парақшасы жариялады.
Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі берген түсініктемеде бұл факт бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Құқық бұзушының жеке басы анықталды, ол ұсталды. Қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», — деді полиция.