Алматыда алғашқы рет халықаралық фортепиано музыка фестивалі өтіп жатыр

Алматыда тұңғыш рет Ева Коганның 95 жылдығына арналған «Kazakh Piano Fest – 2023» фортепиано музыкасының халықаралық фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Алты мемлекеттен келетін музыканттар 9-13 қазан аралығында бақ сынасады.

Фестиваль аясында Қазақстан, АҚШ, Ресей, Грузия, Румыния және Германиядан келген фортепиано музыкасының үздік өкілдері өнер көрсетеді. Фестивальдің ұйымдастырушылары – «Art Forum of Kazakhstan» Халықаралық шығармашылық ұйымы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.

«Біздің банк үшін ауқымды музыкалық іс-шараларды өткізуді қолдау жақсы дәстүрге айналды. Жақында біз алматылықтарға оркестрлер фестивалін көрсеттік, ол көпшіліктің көңілінен шықты және қазір алғашқы халықаралық фортепиано музыкасының фестиваліне демеуші болдық. Неліктен классикалық музыка? Менің ойымша, мәселе үндестікте, біз басқарудың өлшеулі саясаты бар классикалық банкпіз, бұл үміт пен стильді бағалайтын клиенттер үшін тартымды етеді. Сонымен қатар, қазір бәрімізге жағымды эмоциялар қажет, бұл міндетті әлемнің үздік пианистерінің қолынан келеді. Фестиваль қатысушылары мен қонақтарына сәттілік тілеп, шалқар шабыт пен шығармашылық серік болсын деймін», -деді Bank RBK Басқарма төрайымы Наталья Акентьева.

Бұл Қазақстанда өтіп жатқан алғашқы фортепиано фестивалі. Бұл байқау сонымен қатар, халықаралық жоба әрбір қатысушы мен тыңдаушының кәсіби мәртебесін арттырады. Іс-шараның бұл ауқымы мәдениеттің дамуына мүмкіндік береді, адамның рухани қазынасын кеңейтеді.

«Мәдени байланыстар әрқашан халықтар достығын нығайтуға ерекше әсер етті. Бүгінгі жобаның қатысушылары да еліміздің музыкалық білім беру ісінің аңызы, фортепиано мектебінің негізін қалаушы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі, қазақстандық композиторлардың шығармашылығын насихаттаушы Ева Бенедиктовна Коганның алдына қойған осы тапсырмасын толығымен еңсеретіне сенемін», — деп жазды «Art Forum of Kazakhstan» Халықаралық шығармашылық ұйымының Бас директоры Ерназар Ғимарат.

Qazaq.today