Алматыда алғаш рет жүкті әйелдің жүрегіне ота жасалды

Операция Алматы Қалалық кардиологиялық орталығы ұйымдастырған мастер-класс аясында Ресей Федерациясының үздік аритмологы профессор, м.ғ.д. Сергей Артеменконың қатысуымен өтті. Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында жүктіліктің 6 айында болған әйелдің жүрегіне зергерлік ота жасалды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Әйел орталыққа аритмияның жоғары жиілігімен ауыр жағдайда, шамамен минутына 240 соққыға жететін жағдайда түсті. Мұнда бұл жиіліктің нормасы 90 екенін айтып өту керек.

Барлық қажетті аспаптық зерттеудің нәтижесінде науқасқа Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы, тахикардия диагнозы қойылды.

Жоғары тәуекелге қарамастан, консилиумның шешімімен өмірлік көрсеткіштер бойынша хирургиялық ота жасау туралы шешім қабылданды.

Аритмология бөлімінің меңгерушісі Бекжан Рысмендиев ресейлік әріптесі Сергей Артеменкомен бірге жүрек ырғының бұзылуын емдеу үшін екі сағаттық хирургиялық операция — радиожиілікті катетерлік абляция жүргізді.

«Бұл шағын инвазивті әдіс, жергілікті анестезиямен жасалды. Еш кесусіз екі пункция арқылы біз патологиялық ошақты зергерлік түрде жоя алдық. Операция сәтті өтті. Әйелдің және болашақ нәрестенің жағдайы жақсы. Дәл осы орталықта мұндай операция алғаш рет жасалды және бұл соңғы рет емес деп үміттенемін. Мұндағы жабдық заманауи стандарттарға сәйкес келеді, оның көмегімен жүрек ырғағының бұзылуымен байланысты кез келген операцияны, соның ішінде жүкті әйелдерді де жасауға болады», — деп атап өтті Сергей Артеменко.

Науқастың өзі айтқандай, өткен жылы оған жүрек ырғағының бұзылуы диагнозы қойылған.

«Өткен жылы маған туа біткен жүрек ырғағының бұзылуы диагнозы қойылды. Бірақ, аурудың өзі мені қатты мазаламады. Әрине, диагнозды біліп, уақытында ота жасау керек еді, бірақ, өкінішке қарай, осылай болды. Мен бала үшін қатты уайымдадым, операция қалай өтеді, менімен не болады. Құдайға шүкір, дәрігерлер бәрі жақсы өтті деді. Олардың еңбегі үшін, бізді қиын сәтте қалдырмағаны үшін, менің және баламның өмірін сақтап қалғаны үшін көп рахмет. Мен кез келген операция тәуекел екенін түсінемін, Ал жүкті болған кезде бұл тәуекел екі есе артады. Олар шынымен де ақ халатты періштелер», — деп көзіне жас алып дәрігерлерге алғысын білдірді әйел.

М.ғ.д., профессор, Қалалық кардиоорталықтың директоры Роза Кунышбекованың айтуынша, бұл тәжірибе, әрине, ерекше. Мұндай ауру ауыр акушерлік және жүрек проблемаларына әкелуі мүмкін.

«Аритмияны дұрыс диагностикалау науқастың болжамын түбегейлі өзгертеді, уақтылы емдеу тактикасымен ауру қауіпті болмайды. Жүректің аритмогендік аймақтарына жоғары жиілікті токтың нүктелік әсерінің нәтижесінде жүрек соғысы нақты қалыпқа келтіріледі. Бұл пациентке қалыпты өмірге оралуға, жүктілікті соңына дейін жеткізуге және ана болуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Кунышбекова.

Дәрігердің айтуынша, мастер-класс 7 күн өтеді, 4 күнде 35-ке жуық операция жасалды және олардың барлығы сәтті аяқталды.

Мұндай операцияға көрсеткіш ретінде туа біткен және жүре пайда болған патологиялар алынды.

Фото: ашық дереккөзден

Qazaq.today