Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаттары қала әкімінің лауазымына келісім беру мәселесін қарастырады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жиналыс 2025 жылғы 24 мамыр күні Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайында өтеді.
Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының сайтында жарияланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіндігін хабарлайды, — делінген мәслихаттың хабарламасында.