Алматыда адвокат Бұрхан Жансейітов ұсталды

Алматыда адвокат Бұрхан Жансейтов ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті, – деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

«Адвокат Бұрхан Жансейітов құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталды», – делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, бұған дейін рейдерлік жолмен бөтеннің мүлкін басып алумен айналысқан бір топ адамға қатысты тергеу нәтижелері туралы хабарланған болатын.

«Осы топтың мүддесін қорғаған адвокат Жансейітов Бұрханның мінез-құлқы айғақ. 12 шілдеде күдіктілерді жасырын бақылау жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат алған Жансейітов құқық қорғау органы іс-әрекетіне кедергі жасау мақсатында мақсатты түрде арандатушылық әрекет ұйымдастырған», – деді ведомство өкілдері.

ҚМА мәліметінше, адвокат жедел қызметкерлер көлігін бөгеп, алдыңғы дөңгелегін тесіп, әйнекті сындырмақ болып, қызметкерлерді әдейі жанжалға арандатқан. Жансейтов әдепсіз сөздер айтып, көліктегі қызметкерлерді күш қолданамын деп қорқытқан. Ол оқиға орнына келген полиция қызметкерлері талабына немқұрайлық танытып, олардың қызметтік міндетін орындауына кедергі жасаған. Оның үстіне ол ҚМА жедел қызметкерінің бетінен бірнеше рет ұрып, дене жарақатын салған.

«Жансейітов басқа адвокаттармен тергеуге кедергі жасау және жалған қоғамдық пікір тудыру мақсатында адвокаттарды бақылауға алу туралы шындыққа сәйкес келмейтін жағдайды ұйымдастырды. Бұл «спектакль» телеграм-арналардың бірінде мақсатты түрде көрсетілді. Бұрынғы полиция қызметкері ретінде Жансейітов жедел іс-шараларды құпиясыздандырудың салдары мен жасырын қызметкердің жеке басы туралы жақсы біледі», – деді ҚМА өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік басып алуды іске асырған бір топ тұлғалар әрекетінің жолын кескені хабарланған болатын.

Ескерту: Суреттер Тенгриньюс.кз сайтындағы бейнематериалдан скринделді.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here