Алматыда адам өлтірген күдікті Шымкентте ұсталды (ВИДЕО)

Шымкентте адам өлтірді деген күдікті «Қорғау» жүйесінің көмегімен ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аса ауыр қылмыс Алматы қаласының аумағында түнгі уақытта жасалған. Алматылық тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті қылмыс орнынан Hyundai Elantra-ны тізгіндеп, ізін суытқан.

Автокөлікті «Қорғау» бағдарламасын пайдалана отырып, бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Шымкент полиция департаментінің ЖБО қызметкерлері анықтады. Көлікті ұстауға дереу патрульдік нарядтар бағытталды.

Күдікті полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысқан. Алайда ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.