Жалға беру мерзімі – 49 жыл.
Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Соның бірі – «Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы Алматы қаласында консулдық мекеме үй-жайларын салу үшін АҚШ үкіметіне жалға жер учаскесін беру туралы келісімді ратификациялау туралы» құжат, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Қаралып отырған келісім Нью-Йоркте былтыр 27 қыркүйекте жасалды. Құжаттың мақсаты – Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін 49 жыл мерзімге ауданы 70 мың шаршы метрден асатын жер учаскесін жалға беру. Келісімде жер учаскесін беру тәртібі мен шарттары айқындалған. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», — деді Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан.