Алматыда 90 жасқа жуықтаған ерлі-зайыпты қарттар адам қолынан қаза тапты. 89 жастағы әжей мен 87 жастағы қария айуандықпен өлтірілген, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Алдын ала мәлімет бойынша 56 жастағы әйел таныстарымен жанжалдасып қалып, артынша оларды өлтірген. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Түрксіб ауданының полиция басқармасы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», — деп мәлімдеді Алматының полиция департаменті.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.