Алматыда 29 жастағы әйел балаларының көзінше өз-өзіне қол салды

Алматыда 29 жастағы келіншек үш баласының көзінше пәтерінде асылып қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

Көршілері 1994 жылы туған әйел  бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жеткізген.

 

«Ол Қырғызстаннан, Алматыда жақындары жоқ. Әйелдің аты – Айпері», — деп хабарлады “Немолчиkz” қоры.

 

Алматы полициясы бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді.

 

«Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылы туған Б-ның өлімінің себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», — деп хабарлады ведомстводан.

 

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы 2,5 жылда үйдегі зорлық-зомбылықтан 300 адам көз жұмды.

 

Qazaq.today