Алматыда 250 реанимациялық орны бар ковидтік клиникалар дайындалды

Пандемияның жаңа толқынына байланысты дайындық шаралары пысықталды. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Шаһар басшылығымен бірлесіп, бейнеконференцбайланыс режимінде қаланың ауруханалары мен емханаларының 70-тен астам бас дәрігерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді, деп хабарлайды qazaq.today сайты Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Алматыда 250 реанимациялық орны бар ковидтік клиникалар дайындалды

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың өзекті мәселелері және мегаполисте COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар барысы қаралды.

«Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Алматы «сары» аймақта тұр. Көктемнің басы мен орта шегінде ауру көрсеткіштерінің төмендеуінен кейін қайта жоғарылау тенденциясы байқалды. Осылайша, ауруға шалдығу деректерінің өсуі 0,2%-ға дейін өсті, таралу коэффициенті 1-ден жоғары. Жұқтыру ошақтарының ең көп саны Бостандық, Алмалы, Алатау, Бостандық және Медеу аудандарының аумағында орналасқан», – делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасында.

Инфекцияның өсу себептері мен көздері – қоғамдық орындарға бару, үй ошақтарындағы, қалалық көліктегі, жұмыс орнындағы байланыстар, сондай-ақ вакцинация мен ревакцинация қарқынының төмендеуі.

Тұрғындар арасында індетке шалдығу деректерін азайту мақсатында қала әкімшілігімен вакцинация мен ревакцинация, науқастарды оқшаулау барысын бақылау, негізгі алдын алу ережелерін сақтау қажеттілігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылданды.

«Сонымен қатар пандемияның жаңа толқынына Алматыда қуаттылығы 7000 төсек-орындық қуаты бар, оның ішінде 250 реанимациялық орындық 23 ковидтік клиника дайындалды. Медициналық қоғамдастық өкілдерімен кеңес барысында КВИ алдын алу мәселелері қаралды», – делінген хабарламада.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қалада сырқаттанушылықтың өсу жағдайларына, сондай-ақ МСАК жұмысын үйлестірудің, вакцинация мен ревакцинацияны ұйымдастыру маңыздылығына, Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің коронавирус инфекциясы аурушаңдығының кезекті ықтимал өршуіне дайындық деңгейіне назар аударды.

«Бүгін қойылған міндеттерді қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен бірлесіп талдап, коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдауды сұраймын», — деп атап өтті Е. Тоғжанов.

Кеңес соңында вице-премьер қала басшылығына COVID-19-ға қарсы иммундау науқанын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейту қажеттілігін атап өтті.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here