Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның кішкентай балаларға лифт ішінде күш көрсеткен бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бейнероликте оқиға 23 шілде күні сағат 16:36-те болғаны жазылған. Аталған жағдайға Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді.
– Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Оның әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Басқа да мән-жайлары анықталуда, — деп хабарлайды департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда тұрғын үйдің кіреберісінде туысқанын өлтірген әйел ұсталған еді.
Фото: Pixabay