Осы жылдың 8 желтоқсанында Қостанай қаласының №2 сотымен Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Qazaq.today Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды», — деп жазылған хабарламада.
Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
фото: ашық дереккөзден
Qazaq.today