Алматы тұрғындары қостанайлықтарға 120 тонна гуманитарлық көмек жіберді 

Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өрттен зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жинау жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін 120 тоннадан астам қажетті заттар жиналған. Алматыдағы  “DEPO EVOLUTION PARK» жастар орталығы «Жастар рухы» Коворкинг орталығында 10 гуманитарлық көмек жинау пункті ұйымдастырылды.

Негізінен азық-түлік, киім-кешек, бірінші кезекте қажетті заттар, сондай-ақ тұрмыстық техника, құрылыс материалдары және арнайы жабдықтар (бензин генераторлары, құрылыс құралдары және т.б.) жіберілмек.  Тасымалдау үшін әрқайсысы әрқайсысы 20 тонналық жүкті көтеретін 6 ауыр көлік жолға шықпақ.

«Кеше Қостанай облысына 2 жүк көлігі (Fuhre, үлкен жүк таситын) жөнелтілді. Тағы 4 жүк көлігі бүгін жолға шығады. Гуманитарлық көмекті жинауға және тиеуге еріктілер, кәсіпкерлер және қала тұрғындары арасынан 200-ден астам адам қатысты», – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары гуманитарлық көмекті ұйымдастыруға ат салысып жатыр. Акция аясында төтенше жағдайдан зардап шеккендер үшін қалалық Мәслихат депутаттары жалпы сомасы 15 млн теңгеге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмекпен жүк көлігін жіберген. Өрттен зардап шеккен қостанайлықтар ұн, қант, күріш, қарақұмық, макарон өнімдері, өсімдік майы, ауыз су, консервілер (ет/балық), төсек-орын жабдықтары мен гигиена құралдарынан (памперстер, майлықтар және т.б.) қысылмау керек.

«Сондай-ақ, төсек жабдықтарын сатып алу өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерді әлеуметтік қолдау «Бақытты Отбасы» орталығының қолдауымен көп балалы аналардың тігін цехы арқылы жүзеге асырылды. Жалпы 200 төсек-орын тысы сатып алынды. Гуманитарлық көмекті жасақтауға «Amanat», «Ақ жол», «Қазақстан халық партиясы» және «Ауыл» партияларының депутаттары белсенді қатысты», – деді Алматы қаласы Мәслихатының баспасөз хатшысы Дархан Серікбайұлы.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here