Алматы тұрғындары Досаевқа «үндістер» туралы шағымын жеткізді

Алматы тұрғыны қаланың әкіміне шағымданды, деп хабарлайды Qazaq.today сайты Todayinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғынның айтуынша, жақын маңдағы жатақханада тұратын 750 шетелдік (Үндістандық) студент тыныштықты бұзады.

Шағымданушының сөзінше, студенттер жатақхана аумағында шу шығарып, таңғы 5-ке дейін футбол ойнайды, самокат тебеді және балалар алаңдарын ластайды.

Бұл мәселеге жауап ретінде қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындардан адамдарға таңба салмауды сұрады. Сонымен қатар, ол өзінің орынбасарына Каспий университетінің басшылығымен кездесіп, жалпы тәртіп мәселелерін талқылауды тапсырды. Әкім ретінде Досаев тәртіп пен тазалықтың сақталуын талап ете алатынын айтты.