Алматы тауларында жоғалып кеткен жасөспірімдердің жағдайы белгілі болды

Алматы тауларында жасөспірімдер тауға шығып, адасып кеткен, деп хабарлайды Qazaq.today.

ТЖМ құтқарушылары Алматы тауларында жеті жасөспірімді құтқарды.

«13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер ешқандай дайындықсыз шыңды бағындырмақ болған. Олар өз бетінше қайтып келе алмай, көмекке РЖҚЖ құтқарушылар жасағы жіберілді», — делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.