Алматыда «Almaty SpetsTechParking Service» ЖШС директоры Марат Пірінбеков екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды.
«Принбековке қатысты сот екі ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұрын таңдалған бұлтартпау шарасына санкция берді», — делінген Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.
14 сәуірдк Алматыда «AlanParking» ЖШС бас директоры Мұхтар Базарбаевтың қамауға алынған еді.
32