Алматы қаласында аудан әкімінің орынбасары жемқорлықпен ұсталды

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Qazaq.today Антикорға сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Сома мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға, орындалған жұмыс актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

фото: ғаламтордан

Qazaq.today