Алматы облысындағы мемлекеттік қызметкерлердің жағдайы мәз емес  

Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлердің жағдайы мәз емес. Олардың бәріне бірдей мүмкіндік жасалмаған, деп хабарлайды optimism.kz сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық порталы.

2022 жылдың мамыр айында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласы болды. Бұған дейін Талдықорғанда орналасқан мемлекеттік қызметшілер жаңадан құрылған облыс орталығы Қонаев қаласына көшіп келген. Нәтижесінде көптеген мемлекеттік қызметкерлердің Қонаев қаласына көшіп келуінен пәтерге сұраныс артқан.  Пәтерлерді сату да, оны жалға алу бағасы айтарлықтай өскен. Ал орталыққа қоныс аударған мемлекеттік қызметкерлердің  тұрғын үйді жалға алу шығындары отбасын асырауға ауыр соғып отыр.

«Облыс әкімдігінде жұмыс істейтін қызметкерлердің әрқайсысына ай сайын 135 мың теңгеге жуық ақша берілетіні белгілі болған. Бұл қаражат  тұрғын үйді жалға алу үшін төленеді. Бірақ бұл ретте, әкімдікке қарасты түрлі департаменттер кіретін орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері Талдықорғаннан Қонаевқа көшіп келсе де  тұрғын үйді жалға алу үшін өтемақы алмайды», — делінген материалда.

Мемлекеттік Депаратментте жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы Алматы облысы әкімдігінің қызметкерлерінен артық емес. Оларда өзге әріптестері секілді баспананы жалға алып отырса да мемлекеттен өтемақы төленбейді.

 

«Осы мәселеден кейін орынды сұрақ туындайды. Егер отбасы айлығының көбін пәтерді жалға алуға төлесе, мемлекеттік қызметкерлер ары қаарй қалай өмір сүреді?  Сондай-ақ, бұл фактор белгілі бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін екенін атап өткім келеді», — делінген БАҚ жарияланған материалда.

Аты-жөндерін айтпауды құп көрген мамандардың сөзінше, облыс орталығына көшіп келген мамандардың жалақысы 150-200 мың теңге көлемінде. Қонаевқа Талдықорғаннан бір мыңнан астам маман қоныс аударған. Көбі отбасымен бірге көшіп келген. Бірақ онсызда аз жалақы пәтерақыға кеткендіктен, қызметкрелер жарты жылға жуық уақыт қиын жағдайда өмір сүруге мәжбүр.  Аталған мәселенінің мән-жайын анықтау үшін  ақпарат агенттігі Алматы облысының әкімдігіне тиісті өтініштерді жіберді.