Алматы облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Алматы облысында жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, автобус аялдамасына соғылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Алматы облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты 13 маусым күні Өтеген батыр ауылында болды.

– Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы Жансүгіров көшесінің бойымен келе жатқан BMW-323 автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аялдамаға соғылды. Салдарынан көлікте отырған жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады ведомстводан.

Ал, жүргізуші мен тағы бір жолаушы шұғыл ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, көлік тізгіндеген адам есін жимастан, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.