Фото: Kazinform
Алматы облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 11 маусым күні Hyundai H 350 жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 75 шақырымда жаяу жүргінші қағып кеткен. Жол апатында алған жарақаттарынан ол жан тапсырды.
– Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полицияда қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады департаменттен.