Қонаев қаласында облыстық 43 жастағы тұрғынның үйінен екі килограмнан астам есірткі құрамдас өсімдіктер анықталып, тәркіленді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Қылмыс Алматы облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілдері прокуратураның үйлестіруімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында ашылды.
Күдіктінің үйіне тінту жүргізілген болатын.
Сараптама бұл заттардың каннабис екенін растады. Сонымен қатар заңсыз сақталған шолақ аңшы мылтығы табылды.
«Есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру және қару сақтау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ведомствода.