Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясына және Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Судья мемлекет алдында салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деген күдікке ілінген.
“ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарлмада.
Qazaq.today